Accessibility links

Сирия күштері үш адамды өлтірді


Сириядағы үкіметке қарсы шеру. 13 мамыр 2011 жыл.
Сириядағы үкіметке қарсы шеру. 13 мамыр 2011 жыл.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сирия күштері елдің батысындағы Талл Калах қаласында үш адамды өлтіріп, бірнешеуін жаралаған.

Сенбі күні қаза болғандар туралы ақпарат куәгерлердің мәліметіне негізделген. Осыдан бір күн бұрын Дамаскіден 160 шақырымдағы бұл қалада мыңдаған адам үкіметке қарсы шерулерге қатысқан болатын.

Президент Башар әл-Асадтың наразылық танытушыларға оқ атпау жөніндегі бұйрығына қарамастан жұма күні қауіпсіздік күштері кемінде 3 адамды өлтірген.

АҚШ Сирия үкіметінің шерушілерді басып жаншуына байланысты алаңдаушылық танытып, билік орындарын наразылық танытушылардың демократия жолындағы талаптарын орындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG