Accessibility links

Ресей ардагері: Ауғанстаннан шетел күштері кетсе, зорлық-зомбылық күшейеді


Ресейлік ауған ардагерлері одағының басшысы егер халықаралық күштер Ауғанстаннан шығарылса, елде зорлық зомбылық-әрекеттері күшеюі мүмкін деп мәлімдеді.

1980 жылдары Ауғанстандағы соғыс кезінде совет күштерінің полковнигі болған Франц Клинцевич "Рейтерс" агенттігіне "америкалықтар мен еуропалықтар елден кете салысымен, "Талибан" барлығын құртады" деп атап көрсетті.

Ресей парламентінің депутаты Клинцевич 2001 жылы соғысты бастаудың алдында Ресейдің тәжірибесін пайдаланбағаны үшін АҚШ-ты сынады.

Ауғанстанда шамамен 15 мың совет сарбаздары қаза болған еді. Совет күштері Ауғанстаннан 1989 жылы шығарылған болатын.

АҚШ шілде айында 100 мың сарбаздарының кейбірін Ауғанстаннан шығара бастайды. Елдегі 150 мың шетел әскерін басқаратын НАТО 2014 жылдың аяғына дейін қауіпсіздікке қатысты жауапкершілікті ауған күштеріне тапсыруды көздейді.
XS
SM
MD
LG