Швейцарияның Цюрих кантонының тұрғындары сенбі күнгі референдумда эвтаназияға тыйым салуға және дәрігердің көмегі арқылы өмірмен қоштасқысы келген шетелдіктердің құқығын шектеуге қарсы дауыс берді.
Нақты айтқанда, сайлаушылардың 84 пайыздан астамы эвтаназияға толық тыйым салуға, ал 78 пайызы эфтаназияны таңдаған шетел азаматтарының құқығын шектеуге қарсылық білдірген.
Швейцарияда эвтаназияға бұрыннан рұқсат берілген. Айықпас дертке шалдыққан адамдарға олардың өз қалауы бойынша эфтаназияны қолданып келген швейцариялық «Дигнитас» клиникасы өкілінің айтуынша, осы кезге дейін олардың қызметіне жүгінген мыңнан аса шетелдік ауру жандардың жартысы - Германия азаматтары болған.