Қытай билігі қамауда ұстап отырған суретші Ай Вэйвэйге отбасымен кездесуіне бірінші рет рұқсат берді.
Сәуір айының басында ұсталған қытай суретшісі жексенбі күні әйелімен кездесуге мұрсат алып, өзінің абақтыдағы жағдайы жаман емес екенін айтқан. Бірақ Вэйвэй өзіне нақты қандай айыптар тағылып отырғаны анықталған жоқ деген.
Қытай билігі 53 жастағы суретші Ай Вэйвэй экономикалық қылмыстар жасаған болуы мүмкін деп тергеліп жатқанын айтты. Оның қамалуы Бейжіңді өткір сынаушы диссиденттер қамалып жатқан тұста болды. Батыс елдері Қытай билігін еркін ойлайтындарды қамап жатыр деп сынады.