Пәкістандағы әл-Қаидамен байланысты талибандар өздерінің Карачиде Сауд Арабия дипломатын өлтіргендерін мәлімдеді. Талибанның атын атамаған өкілі Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында, мұндай шабуылдар АҚШ әуе соққысы мен әл-Қаиданы қудалауын тоқтатқанша жалғаса береді деп айтқан.
Дүйсенбі күні таңертең мотоциклмен келген қарулы адам саудиялық дипломаттың көлігіне оқ атып, Хассан әл-Қахтаниді өлтірген. Сауд Арабия елшілігі бұл азамат өздерінің Карачидегі консулдығында қызмет еткенін растады.
Мамырдың 2-де Пәкістандағы АҚШ-тың арнайы күштері Усама бин Ладенді өлтірген соң, әл-Қаида ұйымы ол үшін кек қайтаратынын ескерткен.