Accessibility links

Үш жыл жазасын өтеген Тоқберген Әбиев бүгін бостандыққа шықты


Журналист Тоқберген Әбиев бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, 17 мамыр 2011 жыл.
Журналист Тоқберген Әбиев бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, 17 мамыр 2011 жыл.
«Закон и правосудие» басылымының бұрынғы бас редакторы Тоқберген Әбиев түрмеде үш жыл жазасын өтеген соң бүгін бостандыққа шықты деп хабарлады «Әділ сөз» қоғамдық қоры.

Қазақстан қаржы полициясы Тоқберген Әбиевті 2008 жылы мамырдың 17-і күні «қаржы полициясына пара беру арқылы сот органының қызметін әшкерелеуге талпынған» деген айыппен ұстап, кейін сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Ал 2009 жылы наурыздың 11-і күні Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Тоқберген Әбиевті «моральдық шығынды өтеу туралы сот шешімін қасақана орындамағаны үшін» үш жылға бас бостандығынан айыру туралы тағы бір үкім шығарды. Бұл үкімге Әбиев қамауда отырған 2008 жылы шыққан сот шешімі негіз болған. Ол шешім «Закон и правосудие» басылымы Астанадағы ірі бизнесмендердің бірі Ерсайын Манаевтың ар-ожданына нұқсан келтіргені үшін газеттің меншік иесі әрі бас редакторы болған Әбиевтен Манаевтың пайдасына бес миллион теңге моралдық шығын өндіріп алу туралы шыққан еді.

Түрмеден босап шыққан Тоқберген Әбиев телефон арқылы әңгімеде жаңа газет ашатын ойы барын айтты деп хабарлайды «Әділ сөз» қоғамдық қоры.
XS
SM
MD
LG