Accessibility links

Ауғанстанда шеруге шыққандар бейбіт тұрғындарды өлтірді деп НАТО-ны айыптады


Кабул көшесі. 18 мамыр 2011 жыл.
Кабул көшесі. 18 мамыр 2011 жыл.
Ауғанстанның солтүстігіндегі Талокан қаласында бүгін шеруге шыққан жүздеген адам НАТО күштерін өткен түнде жүргізген операция барысында төрт бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады.

Екі ер және екі әйел адамның мәйітін көтеріп шеруге шыққандар үкіметке және АҚШ-қа қарсы ұрандап айғайлаған.

Ауғанстандағы халықаралық күштер басшылығы түнгі операция кезінде төрт адамның мерт болғанын растап, алайда олар бейбіт тұрғындар емес, қарулы қарсылық көрсеткен бүлікшілер болды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG