Көтерілісшілер қолындағы Мисурата қаласы маңында НАТО-ның бір кемесін Муамар Каддафиге бағынышты әскери күштер атып қиратқаны туралы Ливия мемлекеттік телеарнасы таратқан ақпаратты НАТО басшылығы жоққа шығарды.
Хабарларға қарағанда, Мисуратадағы көтерілісшілер мен Каддафи күштері арасындағы ұрыстарда кемінде жеті адам қаза болған.
Сонымен бірге, Ливияның мұнай министрі әрі мемлекеттік мұнай корпорациясының басшысы Шукри Ганем отбасымен бірге Туниске келгені туралы хабар тарады.
Бұған дейін Ливияның сыртқы істер министрі Мұса Куса, ішкі істер министрі Әбдел Фаттах Юнис, әділет министрі Мұстафа Әбдел Жәлил және өзге де бірқатар лауазым иелері Каддафи үкіметімен ат құйрығын кесіскен еді.