Accessibility links

Ауғанстанда НАТО рейдіне қарсы шеруде 10 адам опат болды


Талоқандағы наразылық шеруі. 18 мамыр 2011 жыл.
Талоқандағы наразылық шеруі. 18 мамыр 2011 жыл.
Ауғанстанның солтүстігіндегі НАТО рейдінде екі ер адам мен екі әйелдің қаза болуына байланысты наразылық шерулері барысында кемінде 10 адам мерт болып, 50-ден астам адам жарақат алды.

Жергілікті тұрғындар мен полицияның айтуынша, рейдте көз жұмған 4 адам қарапайым азаматтар болған. НАТО «олар қаруланған бүлікшілер» еді дейді.

Түндегі рейдтен кейін 1500-ден астам адам мәйіттерді алып, Тахар уәлаятының Талоқан қаласында наразылық танытты. Қауіпсіздік күштерімен қақтығысқан наразылық танытушылар НАТО-ның күзет бекетіне тас лақтырды.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай сәрсенбі күнгі рейдті айыптады.
XS
SM
MD
LG