Accessibility links

Усама бин Ладеннің қаза боларға дейінгі сөзі интернетте жарияланды


Усама бин Ладеннің қазасы туралы жазған америкалық "Тайм" журналының мұқабасы.
"Әл-Қаида" ұйымына қатысы бар бірнеше сайт сәрсенбі күні Усама бин Ладеннің қаза боларға дейін жазылған сөзінің аудиожазбасын интернетте жариялады.

Интернетте экстремистік бағыттағы сайттарды шолумен айналысатын SITE ұйымының хабарлауынша, бин Ладен он екі минуттық аудиожазбадағы сөзінде кейбір араб елдерінде болып жатқан жаппай толқуларды, атап айтқанда Тунис пен Египеттегі билік режимдерінің құлауын қуана құптаған.

Усама бин Ладен мамырдың 2-сіне қараған түні Пәкістандағы Абботабад қаласында америкалық арнайы әскери тобы жүргізген операция кезінде оққа ұшқан.

Кейбір хабарларға қарағанда, "әл-Қаида" египеттік бүлікші Саиф әл-Абделді өзінің уақытша жетекшісі етіп таңдаған.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG