Иран билігі шпиондық жасады деп айып тағып қамауда ұстап отырған америкалық екі азамат - Шейн Бауэр мен Джош Фэтталдың аналары АҚШ-та аштық акциясын жариялады.
Осы аптада Иран билігі америкалық екеуіне қарсы сот процесін кейінге қалдырды, оның себебін түсіндірген жоқ.
Америкалықтар өздеріне тағылған шпионаж туралы айыпты жоққа шығарады.
Шейн Бауэр, Джош Фэттал және Сара Шауд Иран мен Ирак шекарасы маңында 2009 жылы жазда ұсталған. Олар Иракта жүргенде адасып Иран жеріне байқамай кіріп кеткендерін айтқан. Иран билігі Сара Шаудты былтыр қыркүйекте кепілге босатты.