Accessibility links

«Фукусима» АЭС-ін басқаратын компания жетекшісі қызметінен кетті


«Фукусима» АЭС №4 реакторы орналасқан ғимарат. 16 сәуір 2011 жыл.
«Фукусима» АЭС №4 реакторы орналасқан ғимарат. 16 сәуір 2011 жыл.
Жапонияда апат болған «Фукусима-Дайичи» атом электр станциясының операторы - Токио электр компаниясының (ТЕРСО) президенті Масатака Симизудің қызметтен кеткені туралы ақпарат тарады.

Жапон баспасөзі Симизу наурыздың 11-інде болған зілзала мен цунами салдарынан зардап шеккен АЭС-тегі апат салдарын жою кезіндегі қателіктер үшін жауапкершілікті өзіне алуға әзір деп хабарлады.

ТЕРСО өкілі әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсінік берген жоқ.

Жапониялық «Йомиури» газетінің деректері бойынша, биылғы қаржы жылында компания шеккен зиян көлемі 18 миллиард долларды құраған.

«Фукусима-Дайичи» атом электр станциясында болған апат салдарынан үш реактор балқып кетіп, қоршаған ортаға радиация тарап жатыр.

Бұл - адамзаттың атомды бейбіт мақсатқа пайдалануды меңгергелі бері, 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған апаттан кейінгі екінші ірі апат.
XS
SM
MD
LG