Accessibility links

Пешавардағы шабуылды "Талибан" жасаған


Полиция қызметкерлері Пешаварда жарылыс болған аймақты тексеріп жатыр. 20 мамыр 2011 жыл.
Полиция қызметкерлері Пешаварда жарылыс болған аймақты тексеріп жатыр. 20 мамыр 2011 жыл.
Пешавардағы АҚШ консулдығы көлігіне жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті пәкістандық "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.

АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы жарылыстан ешбір америкалық қызметкер қатты жараланбады деп хабарлады. Полицияның мәліметінше, жұма күні көлікке тиелген бомба жарылып, жергілікті тұрғын мерт болған және 10 адам жараланған.

Пәкістандық "Талибан" мен тағы басқа бүлікші топтар "Әл-Қаида" жетекшісі Усама бин Ладеннің өлімі үшін кек қайтаруға уәде еткен болатын. Бин Ладен мамырдың 2-де Пәкістанда АҚШ арнайы күштерінің операциясы барысында өлтірілген еді.
XS
SM
MD
LG