Accessibility links

Ресей сарбаздарына иттің тамағы берілген дейді бұрынғы майор


Бұрынғы майор Игорь Матвеев.
Бұрынғы майор Игорь Матвеев.
Ақша үнемдеу үшін Ресей ішкі істер министрлігінің әскерилеріне ит тамағы берілген. Бұл туралы бұрынғы майор Игорь Матвеевке сілтеме жасап, "Рейтерс" агенттігі хабарлады.

Владивостокта қызмет істеген Матвеевтің айтуынша, билік орындары осы жылдың басында ішкі істер министрлігі базасында болған жанжалды жасырмақ болған.

1990 жылдары Ресейдің шешен сепаратистеріне қарсы соғысына қатысқан Матвеев интернетте ішкі істер министрлігіндегі жемқорлық туралы бейнетаспа жариялағаны үшін қызметінен босатылғанын айтады.
XS
SM
MD
LG