Accessibility links

ЕҚДБ операцияларын Араб елдеріне кеңейтпек


ЕҚДБ басшысы Томас Миров пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
ЕҚДБ басшысы Томас Миров пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) өз операцияларын Солтүстік Африка мен Таяу Шығысқа кеңейту процесін бастаған. Бұл туралы аталмыш банктің Астанада өтіп жатқан жылдық отырысының екінші күнінде мәлім болды.

ЕҚДБ төрағасы Томас Миров болашақта банктің Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс аймағына 2,5 миллиард евро инвестициялау мүмкіндігі болады деп атап көрсетті.

Штаб-пәтері Лондонда орналасқан ЕҚДБ бұрынғы коммунистік елдердің дамуына көмектесу үшін 1991 жылы құрылған болатын.
XS
SM
MD
LG