Америка Құрама Штаттар 32 жыл билікте отырған Йемен президенті Али Абдулла Салехті орнынан кету жөніндегі міндеттемесін орындауға шақырды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдемесінде, Құрама Штаттар Йемен халқы біріккен, тұрақты, демократиялық әрі өркендеген мемлекет құру жолында жұмыс жасау үшін президент билікті бейбіт жолмен тапсыруы тиіс деген.
Бүгін таңертең Салех өзінің жексенбі күні келісімге қол қоюға дайын болғанын, бірақ ол келісімді елде төңкеріс жасауды көздегендер деп айыптап, АҚШ пен Еуропа Одағына өзі биліктен кетсе Йеменге әл-Қаида экстремистеріне есік ашылады деп алаңдайтынын ескертті.
Салех осымен екінші рет билікті беру келісіміне қол қоюдан бас тартты. Ол келісім бойынша Салех 30 күннің ішінде биліктен бас тартса оның қудалауданқорғанышы болуы мүмкін.