Accessibility links

Барак Обама Еуропаға сапармен барады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 20 мамыр 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 20 мамыр 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Еуропа елдеріне бір апталық сапарын бүгін Ирландиядан бастайды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Обама дүйсенбі күні Ирландия президенті Мэри Макэлиспен және премьер-министрі Энда Кеннимен кездеседі.

Сонан кейін АҚШ президенті зайыбымен бірге Ирландияның орталығындағы Монигалл деревнясына барады деп жоспарланған. Обаманың түп нағашысы 1850 жылы сол жерден АҚШ-қа қоныс аударған екен.

АҚШ президенті осы жолғы сапарында Ұлыбританияға да соғады, одан соң Францияда өтетін үлкен сегіздік саммитіне қатысады.

Барак Обама сапар соңында Польшаға барып, зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына қатысты мәселені талқылайды.
XS
SM
MD
LG