Accessibility links

Лавров Ливия оппозициясының өкілдерімен кездеседі


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ливиядағы билік пен оппозицияны атысты тоқтатуға шақырды. Лавров бұл мәлімдемесін Ливия көтерілісшілері өкілдерімен кездесу қарсаңында айтты.

Лавров өткен аптада Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің одақтасымен де кездескен болатын.

Лавров дүйсенбі күні журналистерге БҰҰ-ның Триполидегі бұрынғы өкілі, Каддафи үкіметімен байланысын үзген Бенгази делегациясының жетекшісі Абдель Рахман Шалкаммен келіссөздер болады деп мәлімдеді.

Ресей Ливия қақтығысына ара ағайындық жасаудан бас тартып келеді. Мәскеу Ливиядағы халықаралық күштердің әуе соққысын сынайды. Бірақ Лавров тараптарды саяси диалогқа шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG