Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джон Ордвей Ауғанстан АҚШ-қа қарағанда, Орталық Азияға жақынырақ болғандықтан, тәліптер бұл аймаққа көбірек қауіп төндіріп отыр деді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
АҚШ өкілінің айтуынша, Орталық Азия оның ішінде Қазақстанға талибандардан қауіп көбірек болғандықтан, АҚШ пен Қазақстан арасында әскери ынтымақтастық болғаны дұрыс.
Қазақстан Ауғанстанға әскер жіберу жөніндегі НАТО-мен келісімді бекіткеннен кейін, ауғандық тәліптер Қазақстанға ескерту мәлімдеме жасаған. Онда Талибан Қазақстан Ауғанстандағы соғысқа әскер жіберсе, оның соңы қиын болады деген.
АҚШ елшісі тәліптердің Қазақстанға қатысты ескертуіне байланысты айтқанында, Қазақстан ғана емес терроризмге қарсы күресіп жатқан елдердің бәрі қауіп астында қалып келеді деді.