Иранның Абадан қаласындағы мұнай өңдеу зауытына ел президенті Махмуд Ахмадинежад барған кезде кәсіпорында болған жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, 20-дан астам кісі жараланған.
Жарылыстан кейін шыққан өрт тез сөндірілген.
Президент Махмуд Ахмадинежадтың жарылыстан зардап шекпегені және оның сапар бағдарламасы жоспар бойынша ары қарай жалғасқаны хабарланды.
Зауыт әкімшілігі жарылысқа газ құбырындағы ақау себеп болғанын мәлімдейді. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталған.