Accessibility links

НАТО күштері Ливия астанасына әуеден соққы берді


Ливия үкіметінің өкілі Мұса Ибрагим.
Ливия үкіметінің өкілі Мұса Ибрагим.
НАТО әуе күштері бүгін Ливия астанасына кемінде 20 соққы бергені туралы хабар тарады. Куәгерлердің айтуынша, бұл Ливиядағы Муаммар Каддафи режиміне қарсы халықаралық күштер операциясы басталған екі айдың ішіндегі ең ірі бомбалау болған.

Ливия үкіметінің өкілі Мұса Ибрагим бұл жолғы әуе соққылары Триполиде үш адамды өлтіріп, кемінде 150 кісіні жаралаған деп мәлімдеді. Әзірге бұл хабарды тәуелсіз ақпарат көздерінен растау мүмкін болмай отыр.

НАТО таратқан мәлімдемеде бүгін әуе соққыларының нысанасы Муаммар Каддафидің резиденциясына жапсарлас гараж болғаны айтылған. Ондағы көліктер бейбіт тұрғындарға қарсы ұрыс жүргізіп жатқан Ливия әскеріне керек-жарақ жеткізу үшін пайдаланылған дейді НАТО.
XS
SM
MD
LG