Accessibility links

«Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың бір-бірімен байланысы жоқ»


Автокөлік жарылған жерге жақын тұрған үй. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.
Қазақстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) Ақтөбедегі ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратында болған жарылыс пен араға бір апта салып Астанада ҰҚК тергеу абақтысы маңында болған жарылыстың бір-бірімен байланысы жоқ деп санайды.

Бұл туралы журналистерге ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының орынбасары Қаламқас Темірова айтқан.

Қазақстан бас прокуратурасы Ақтөбедегі мамырдың 17-сіндегі жарылысты «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар» деген күдікке ілінген Рахымжан Мақатов есмді азамат «заң алдында жауапкершіліктен жалтару үшін жасаған» деп мәлімдеген еді.

Ал мамырдың 24-іне қараған түні Астанада жарылыс болған жерде сүйектері табылған екі ер адамның кім екенін ішкі істер министрлігі әлі анықтай алмай жатыр.

Әйткенмен полиция бұл жарылыс «террорлық акт емес» деген ұстанымда отыр.
XS
SM
MD
LG