Accessibility links

Роберт Гейтс АҚШ әскерінің Иракта қала тұрғанын жөн санайды


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс.
АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс.
АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс "Ирак билігі америкалық әскердің сол елде болу мерзімін ұзартуды сұрап Вашингтонға өтініш айтады" деген үміт білдірді.

Вашингтонда сөйлеген сөзінде Гейтс "АҚШ әскерінің тағы біраз уақытқа қала тұрғаны Ирак халқына соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерді сақтап қалуға жәрдемдеседі, өзге елдерге демократиялық өзгерістердің пәрменділігін паш етеді" деді.

2008 жылғы АҚШ пен Ирак билігі арасындағы келісімге сәйкес, Иракта тұрған АҚШ-тың 40 мыңнан аса сарбазы 2011 жылдың соңына дейін ол елден шығуы тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG