Accessibility links

Индонезияда қырғыз азаматшасы сотталды


Жібек Сакеева
Жібек Сакеева
Индонезия соты заңсыз есірткі тасымалдаған қырғыз азаматшасы Жібек Сакееваны 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Бандунг қаласындағы сот 21 жастағы Жібек Сакееваны 10 жылға қамау туралы шешім шығарған. Сонымен қатар оған шамамен 115 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған. Айыппұлды төлей алмағандықтан Сакееваның түрме жазасы 6 айға ұзартылған.

Қазан айында Бандунг әуежайында тұтқындалған Жалалабад тұрғыны Сакееваның сөмкесінен бір килограмм героин табылған болатын.
XS
SM
MD
LG