Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен бүгін Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Отырыста "Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қылмыстық-атқару жүйесін дамыту" мәселелері талқыланған. Сәрсенбі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, тұтқындардың санын төмендету, жазасын өтеп жүргендердің жағдайын жақсарту, сотталғандардың құқықтары мен олардың еңбекпен, медициналық қызметпен қамтылуын қамтамасыз ету, түрме қауіпсіздігі жүйесін жаңғырту мәселелері қаралған.
"Мемлекет басшысы бостандықтан айыруға баламаны қолдану үшін жағдайды кеңейтуде пенитенциарлық жүйені одан әрі дамыту, жазаны өтеу жағдайы мен режимінің санын заңдық тұрғыда азайту, сотталғандарды камерада ұстауға біртіндеп ауысу, бас бостандығынан айрылғандар орнын жалпыға ортақ халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін негізгі бағыттарды анықтап берді", - делінген президент баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.