Нью-Йорк соты қазір үйқамақта отырған Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канның басқа үйге ауысуына рұқсат етті.
Ол сәрсенбі күні осы кезге дейін үйқамақта болған Нью-Йорктің Манхеттен ауданындағы көпқабатты үйден басқа жеке үйге барып орналасқан.
Мамырдың 14-і күні Нью-Йорк әуежайында ұсталған 62 жастағы Доминик Стросс-Канға сол қаладағы қонақ үйдің қызметші әйелін зорламақ болған деген айып тағылып отыр. Стросс-Кан өзіне тағылған айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарады.