Өткен түнде Тбилисидегі оппозиция шеруін күштеп тарату кезінде полицияның екі қызметкері қаза болып, жиырмаға жуық адам жараланған деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.
Бейсенбіге қараған түні ел президенті Михаил Саакашвилиді «авторитарлық билік орнатты» деп айыптап, дереу отставкаға кетуін талап етіп, Тбилисидегі Шота Руставели алаңында наразылық шеруіне жиналған грузин оппозициясын полицияның арнайы жасағы күштеп таратты.
Алдын-ала деректер бойынша, ондаған адам ұсталған. Солардың бірі, грузин оппозицияның жетекшісі Нино Бурджанадзенің ұлы Анзор Бицадзені республикалық ауруханадан ұстаған полиция екі сағаттан кейін оны босатқан.