Accessibility links

Бағдадта АҚШ-қа қарсы шеру өтті


Моқтада әл-Садрдың қолдаушылары Бағдадта шеру өткізіп жатыр. 26 мамыр 2011 жыл.
Моқтада әл-Садрдың қолдаушылары Бағдадта шеру өткізіп жатыр. 26 мамыр 2011 жыл.
Бүгін Ирактағы шииттердің көсемі Моқтада әл-Садрдың ондаған мың қолдаушысы Бағдадта шеруге шығып, АҚШ күштерінің елден шығарылуын талап етті.

Қауіпсіздік туралы екіжақты келісімге сәйкес, АҚШ күштері Ирактан осы жылдың аяғына дейін шығарылуы тиіс. Бірақ жоғары лауазымды америкалық ресми өкілдер Ирак жетекшілері тұрақтылыққа кепілдік беру үшін кейбір сарбаздарды елде қалдыруды сұрайды деп үміттенетіндерін айтты.

Қазір Иракта АҚШ-тың 45 мыңға жуық жауынгері бар. Премьер-министр Нури әл-Мәлики АҚШ күштерінің 2011 жылдан кейін де елде қалуына рұқсат беру мәселесіне қатысты ұлттық диалог өткізуге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG