Accessibility links

Сирияның екі қаласына үкімет танкілері кіргізілді


Жексенбі күні Сирияның Хомс провинциясында үкіметтік күштер мен танкілер бірқатар елдімекендерді қоршауға алды, олардың қатарында Растан мен Талбис қалалары да бар.
Белсенділердің айтуларына қарағанда қалаларда атыс жүріп жатыр, жарақат алғандар кездеседі. Басты көлік жолдары жабық.

Сирияда президент Башар Әл-Ассадтың режиміне қарсы наурыз айының ортасында басталған халықтық наразылык акциялары барысында бір мыңдай адам құрбан болып, он мыңдай кісі жараланды.

Мәлімет-деректерді азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылар таратып отыр, шетелдік журналистер Сирияға кіргізілмейді.
XS
SM
MD
LG