Accessibility links

Ауғанстанда австралиялық екі сарбаз мерт болған


Ауғанстандағы халықаралық коалиция құрамындағы Австралия әскерилері.
Ауғанстандағы халықаралық коалиция құрамындағы Австралия әскерилері.
Австралия қорғаныс министрлігі осы елдің екі әскери қызметкері дүйсенбіде Ауғанстанда қаза болғаны туралы хабарлады.

Министрліктің дерегі бойынша, олардың бірін Урзуган провинциясында Австралия әскерилері жаттықтыратын ауған армиясының сарбазы атып өлтірген, ал екіншісі тікұшақ апатынан қаза болған.

Осылайша 2001 жылдан бері бұл елде қаза болған австралиялық жауынгерлер саны 26 адамға жетті.

Қазір Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштері қатарында Австралияның шамамен 1550 сарбазы қызмет атқарып жатыр.
XS
SM
MD
LG