Accessibility links

«Оксфам»: алдағы 20 жылда азық-түлік бағасы екі есе қымбаттайды


Атыраудағы «Дина» базарындағы көкөніс саудасы. 27 қыркүйек 2010 жыл.
Атыраудағы «Дина» базарындағы көкөніс саудасы. 27 қыркүйек 2010 жыл.
Алдағы 20 жылда әлемде азық-түлік бағасы екі еседен артық қымбаттап кету қаупі бар деп ескертеді аштық, қайыршылық пен әлеуметтік теңсіздік мәселелерімен шұғылданатын «Оксфам» (Oxfam) халықаралық ұйымы.

Ғаламдық деңгейде азық-түлік мәселесіне қатысты талдау және болжаумен айналысатын ұйым сарапшыларының деректері бойынша, биыл сәуір айында әлемде азық-түлік бағасы былтырғымен салыстырғанда 36 пайызға жоғары болған. Бағаның қымбаттауына түрткі болған факторлар қатарында азық-түлік нарығындағы протекционизм мен ауа-райындағы қолайсыз өзгерістерді атап көрсеткен.

«Оксфам» ұйымының баяндамасында бағаның аспандап кетуіне жол бермес үшін әлем елдерінің үкіметтері азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін қайта қарауы керектігі айтылған.
XS
SM
MD
LG