Accessibility links

Хамид Қарзай НАТО күштеріне «басқыншы» деген атқа қалмауды ескертті


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай баспасөз мәслихатында. Кабул, 31 мамыр 2011 ж.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай баспасөз мәслихатында. Кабул, 31 мамыр 2011 ж.
Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзай елдегі бейбіт тұрғындарды қазаға ұшыратқан НАТО әскерінің іс-қимылын сынады.

Егер жағдай өзгермесе, тұрғындар НАТО күштерін «басқыншылар» деп қабылдайтынын атап өткен Ауғанстан президенті «ауған халқы мұндай соққыларға енді төзе алмайды» деп ескертті.

Өткен сенбі күні Гельменд провинциясында НАТО әуе күштерінің соққысынан 14 бейбіт тұрғын қаза болды деп хабарлаған еді жергілікті билік орындары.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің басшылығы құрбан болғандар саны 9 адам деп мәлімдеп, әлгі үйде бүлікшілер базасы орналасқан деп қателесіп нысанаға алғанын айтып кешірім сұраған.
XS
SM
MD
LG