Боливия әскери мекемесінің шақыруы бойынша сапармен барған Иранның қорғаныс министрі Ахмад Вахиди ол елден кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы Рейтер агенттігіне Боливия үкіметі өкілдері айтқан.
Аргентинадағы Буэнос-Айресте 1994 жылы израиль мәдени орталығында болған жарылысқа қатысы бар деп айыпталған Ахмад Вахидидің бұл сапары үшін Боливия сыртқы істер министрлігі Аргентина үкіметінен кешірім сұрап, Боливия қорғаныс министрлігі 85 адамның өмірін қиған сол бір террорлық шабуылдың жай-жапсарынан хабарсыз болғандығын айтып ақталған.
Аргентина үкіметі Вахидиді ұстап, заң алдында жауапқа тартуды талап етіп келе жатқанымен, иран министрінің дипломаттық мәртебесі ондайға мүмкіндік бермейді.
Иран үкіметі аргентиналық құқық орындарының Ахмад Вахидиге таққан айыптарын жоққа шығарады.