Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік сарапшылары Жапония үкіметі өз атом электр станцияларына цунамидің төндірер қаупін жете бағаламаған деген қорытынды шығарды.
Халықаралық ұйым сарапшылары биылғы наурыздың 11-іне дейін жапон АЭС-терінде атқарылған қауіпсіздік шараларын зерттеп-талдаған соң осындай байлам жасаған.
Наурыздың 11-інде Жапонияда болған зілзала мен цунами салдарынан «Фукусима» АЭС-інде болған апатты мамандар 1986 жылы сәуірде Чернобыльде болған оқиғадан кейінгі ең қауіпті апатқа жатқызып отыр.
МАГАТЭ жасаған қортындысын бүгін жапон үкіметіне табыс етеді. Бұл құжатты дайындауға АҚШ, Қытай, Ресей және Францияның мамандары атсалысты.
Бұл құжаттың ресми таныстырылымы маусымның соңында Вена қаласында өтеді.