Accessibility links

Иран парламенті президент Ахмадинежаттың ісін «заңға қайшы» деп тапты


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад (ортада) Абадандағы мұнай өңдеу зауытында. 24 мамыр 2011 жыл.
Иран президенті Махмуд Ахмадинежад (ортада) Абадандағы мұнай өңдеу зауытында. 24 мамыр 2011 жыл.
Бүгін Иран парламенті елдің мұнай өнеркәсібі министрлігін тікелей басқармақ болған президент Махмуд Ахмадинежадтың әрекетін «заңға көпе-көрнеу қайшы іс» деп тапты.

Бұған дейін Иран президентінің ісі заңға томпақ келетінін Иранның бақылау кеңесі айтқан еді.

Өткен айдың ортасында Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Сейіт Масуд Мир-Казими қызметінен кеткен соң президент Махмуд Ахмадинежад осы министрлікті тікелей өзі басқаратынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG