Accessibility links

Польша соты Ауғанстанда 6 тұрғынды өлтірген 7 сарбазды ақтады


Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштері құрамындағы поляк сарбаздары.
Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштері құрамындағы поляк сарбаздары.
Бүгін Варшавадағы әскери сот Ауғанстанда әскери қылмыс жасаған деген айып тағылған Польшаның жеті әскери қызметкерін кінәсіз деп тану туралы шешім шығарды.

2007 жылы тамыздың 17-сі күні Ауғанстанның Нангар-Хел ауылында халықаралық коалиция күштері құрамындағы поляк сарбаздарының атқан оғынан алты тұрғын қаза болған еді. Прокурор соттан айып тағылғандарды қылмысты деп тауып, оларды 5 жылдан 12 жылға дейін бас еркіндігінен айыруды сұрады. Адвокаттар бейбіт тұрғындар қазасына әскери операция кезіндегі қателік себеп болғанын алға тартты.

Осы істі қараған әскери сот айыпкерлердің кінәсін дәлелдейтін «дәйектердің жеткіліксіз» екендігін айтып, айып тағылған жеті адамды ақтап шығарды. Қарсы тарап бұл шешімге апелляциялық шағым түсіре алады.

Ауғанстандағы тәліптермен соғыстағы әскери қылмысқа қатысты Еуропадағы бұл тұңғыш сот процесі 2009 жылы ақпан айында басталған еді.
XS
SM
MD
LG