Қытай ресми билігі Google компаниясының мәлімдемесіне байланысты наразылығын білдірді. Google компаниясының айтқаны «қабылдауға болмайтын айыптау» дейді Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Хон Лей.
Google компаниясы өз иелігіндегі Gmail пошта қызметі жүйесіне қытай хакерлері интернет арқылы шабуыл жасап, жүздеген аккаунттарын бұзып ашқаны туралы мәлімдеме таратқан еді.
Хакерлердің ісінен америкалық жоғары лауазымды шенеуніктердің, әскерилер мен журналистердің электронды пошта жәшіктері зардап шеккен.
Алайда Google компаниясы бұл шабуылдың нақты кімге қарсы жасалғаны туралы, бұзылған пошта жәшіктерінде қандай ақпараттар болғаны жөнінде ештеңе айтпайды.