Accessibility links

Пәкістандағы бүлікшілер шабуылынан екі жақтан 58 кісі өлген


Пәкістан армиясының әскери техникасы тауға жасырынған бүлікшілерге соққы беруге дайындалып жатыр. 1 маусым 2011 жыл.
Пәкістан армиясының әскери техникасы тауға жасырынған бүлікшілерге соққы беруге дайындалып жатыр. 1 маусым 2011 жыл.
Пәкістанның солтүстік-батысындағы, Ауғанстанмен шекаралас аймақтағы Шалталу бақылау бекетіне бүлікшілердің жасаған шабуылынан екі жақтан өлгендердің жалпы саны 50 адамнан асты.

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, сәрсенбі күні Ауғанстаннан өткен 200 шақты қарулы бүлікші пәкістандық сарбаздармен шайқасып, шекаралық бекетті басып алған.

Пәкістанның үкімет күштері бір тәулікке жуық жалғасқан ұрыстан соң, бүгін түс кезінде бекетті бүлікшілерден қайтарып алған. Атыстан пәкістандық 23 сарбаз және 35 бүлікшінің қаза болғаны хабарланды.

Екі жыл бұрын Пәкістан армиясы осы аймақта тәліптерге қарсы әскери операция бастаған соң жүздеген бүлікші Ауғанстанға өтіп кеткен еді.
XS
SM
MD
LG