Accessibility links

Латвияда бүгін президент сайлауы өтеді


Латвия президенті Валдис Затлерс телеарна арқылы халыққа үндеу жолдап тұр. Рига, 28 мамыр 2011 жыл.
Латвия президенті Валдис Затлерс телеарна арқылы халыққа үндеу жолдап тұр. Рига, 28 мамыр 2011 жыл.
Латвия парламенті – сейм бүгін ел президентін сайлайды.

Бұл қызметке Латвияның қазіргі президенті Валдис Затлерс пен сейм депутаты Андрис Берзиньш үміткер.

Латвия заңына сәйкес, сеймге мүше 100 адамның кемінде 51-інің қолдауына ие болған кандидат төрт жыл мерзімге Латвия президенті болып сайланады. Ал кандидаттардың екеуі де қажетті дауыс жинай алмаса, дауыс берудің жаңа кезеңі белгіленеді.

Латвияда коррупциялық қылмысқа қатысты күдікке ілінген лауазымды тұлғаларға байланысты жанжал шығып, заң шығару және сот биліктері арасындағы дағдарыс туған еді. Ел президенті Валдис Затлерс мамырдың 28-і күні халыққа үндеу жасап, парламентті тарату туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеген.

Сеймді тарату туралы референдум шілденің 23-іне белгіленген.
XS
SM
MD
LG