Accessibility links

АҚШ өзінің және Ресейдің ядролық қару-жарағы туралы деректер жариялады


Ресейдің «Тополь-М» құрылықаралық баллистикалық зымыраны Қызыл алаңдағы әскери парад кезінде. Мәскеу, 9 мамыр 2011 жыл.
Ресейдің «Тополь-М» құрылықаралық баллистикалық зымыраны Қызыл алаңдағы әскери парад кезінде. Мәскеу, 9 мамыр 2011 жыл.
АҚШ-тың алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандары мен ядролық оқтұмсықтарының саны Ресейдікінен көп. Бұл туралы ақпаратты АҚШ мемлекеттік департаменті ресми сайтында жариялады.

Онда 2011 жылғы ақпанның 5-і күнгі деректер келтірілгені жазылған.

Құжатта АҚШ-тың құрылықаралық баллистикалық зымырандары, сонымен бірге сүңгуір кемелер мен ауыр бомбалаушы ұшақтардағы зымырандарының саны – 882 екені, ал Ресейде ондай 512 қару-жарақ бары айтылған.

АҚШ пен Ресей арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы былтыр сәуірде Прагада қол қойылған жаңа келісім-шартқа сәйкес, екі мемлекет өздеріндегі ядролық оқтұмсықтар санын 1550-ге дейін азайтуы тиіс. Ал құрылықаралық баллистикалық зымырандар саны 700-ден аспауы керек.
XS
SM
MD
LG