Жерорта теңізінің Тунис жағалауына жақын Керкенн аралдары тұсында апатқа ұшыраған кемеде болған 200-дей адам хабарсыз кеткен деп хабарлады Тунис мемлекеттік агенттігі.
Сәрсенбі күні Тунистен Италияны бетке алып шыққан кемеде негізінен ливиялық босқындар болған. Алайда ауа райының бұзылуы салдарынан кеме апатқа ұшырап су түбіне кеткен.
Тунистің жағалаудағы күзет қызметі әлгі кемеде болған жарты мыңнан аса адамды құтқарғаны туралы хабарланды.
Алайда кемеде болған тағы екі жүзге жуық адам теңізге кеткенге саналып отыр.