Accessibility links

АҚШ «Иранмен сауда жасаған» деп айыптаған израильдік миллиардер қайтыс болды


Израильдік миллиардер Сэмми Офер.
Израильдік миллиардер Сэмми Офер.
АҚШ үкіметі «Иранмен іскерлік байланысы бар» деп айыптап келген израильдік миллиардер Сэмми Офер бүгін Тель-Авивте 89 жасында қайтыс болды.

Осыған дейін АҚШ үкіметі Сэмми Офер мен оның бауырының меншігіндегі Ofer Brothers Group компаниясын «қара тізімге» енгізілген Иран фирмасына мұнай танкерін сатқан деп айыптап, санкция жариялаған еді. Алайда ағайынды Оферлер әлгіндей айыптарды мойындамай, жоққа шығарып келді.

Офердің компаниясы төңірегіндегі бұл дау-жанжал Иранға қатысты қатаң саясат ұстануды жақтап келген Израильде де қоғамдық пікір туғызды.

«Форбс» журналы биыл наурыз айында жариялаған әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 79-орында тұрған Сэмми Офердің дәулетін 10,3 миллиард долларға бағалаған еді.
XS
SM
MD
LG