Accessibility links

Қырғызстанның бұрынғы министрі халықтан кешірім сұрады


Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Болот Шер.
Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Болот Шер.
Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Болот Шер былтыр елдің оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектер арасында болған қақтығыстардың алдын алмағаны үшін халықтан кешірім сұрады.

Ел парламентінде этника аралық қатығыстардың себептері мен салдары туралы мемлекеттік комиссияның баяндамасын талқылау кезінде сөйлеген сөзінде Болот Шер қақтығыстар болған 2010 жылы маусымның 10-14 күндері аралығында ішкі істер министрі қызметінде болғандықтан, қайғылы оқиғалар үшін жауапкершіліктің бір бөлігі өзіне жүктелетіндігін толық мойындайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге ол депутат мандаты мен генерал-лейтенант әскери шенінен бас тартып, «Ата-Мекен» партиясының құрамынан шығатындығын мәлімдеді.

Қаңтар айында шыққан бұл баяндамада дау-жанжал ушығып бара жатқанын көре тұра Уақытша үкіметтің бірнеше жоғары лауазымды тұлғаларының (арасында Болот Шер де бар) дер кезінде шара қолданбағандығы айтылған.

Былтыр Ош және Жалалабад облыстарында болған қанды қақтығыстар салдарынан 400-ден аса адам мерт болып, мыңдаған кісі жараланды, өз қоныстарын тастап кетуге мәжбүр болды.

2010 жылы сәуірдің 7-сі күні Бішкекте үкіметке қарсы наразылық толқуы нәтижесінде президент Құрманбек Бакиев биліктен тайдырылған соң Болот Шерге генерал-лейтенант шені берілген еді.
XS
SM
MD
LG