Accessibility links

Бахрейн астанасындағы шеруді полиция күштеп таратты


Манаманың орталық алаңын әскерилер оппозициядан тазартып жатыр. Бахрейн, 17 наурыз 2011 ж.
Манаманың орталық алаңын әскерилер оппозициядан тазартып жатыр. Бахрейн, 17 наурыз 2011 ж.
Бүгін Бахрейн астанасы Манама қаласында шеруге шыққандарға қарсы қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтар қолданды. Бұл туралы оқиға куәгерлерінің сөзіне сілтеп ақпарат агенттіктері хабарлады.

Наурыз айында шииттердің наразылығын күштеп басқан соң елде жарияланған төтенше жағдай тәртібі осыдан екі күн бұрын доғарылған еді.

Шеруге шыққандар құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуді талап етті.

Бахрейнде билікке қарсы жаппай наразылық басталған ақпан айынан бері көшедегі наразылықты басып-жаншу барысында кемінде 30 адам өлген.
XS
SM
MD
LG