Accessibility links

Гонконг Тяньаньмэнь қырғынын еске алып жатыр


Гонконгтың Виктория саябағындағы еске алу шарасы. 4 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Гонконгтың Виктория саябағындағы еске алу шарасы. 4 маусым 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Гонконг Тяньаньмэнь қырғынының 22 жылдығын атап өтіп жатыр. Қаланың Виктория саябағында құрбандарды еске алу шарасы ұйымдастырылды.

1989 жылы Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында алты апта бойы жалғасқан демократияшыл шерулерді тоқтату үшін Қытай билік орындары танктер мен сарбаздарын жіберген болатын.

Осыдан 22 жыл бұрын маусымның 4-іне қараған түні үкімет күштері наразылық танытушыларды басып жаншыған еді. Сол кездегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен жүздеген адам мерт болды. Кей деректерге қарағанда, Тяньаньмэнь қырғынында мыңдаған адам қаза тапқан болуы мүмкін.

Ұлыбританияның бұрынғы колониясы Гонконг 1997 жылы Қытайға қайтарылған болатын.
XS
SM
MD
LG