Көкшетау қалалық соты «КазРосИнвестпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Бақыт Әділованы тұтқындау туралы шешім шығарды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-тармағына сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша Әділоваға «ұйымдасқан топ құрамында аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген айып тағылып отыр.
Аталмыш компанияның төңірегіндегі дау-дамай мамырдың 26-сында басталды. Сол күні кәсіпорын кеңсесінде жоғарыда аталған қылмыстық іске байланысты тексеруге келген полицейлер мен ұйым басшылығын қорғаштаған салымшылар қақтығысып қалған болатын.