Accessibility links

Пәкістанда бүлікшілер жетекшісі өлтірілді


Кашмирлік бүлікшілер тобының жетекшісі Мохаммад Илияс Кашмири Исламабадтағы баспасөз мәслихатында. 11 шілде 2001 жыл.
Пәкістанның ресми өкілдері АҚШ-тың әуе шабуылынан елдегі бүлікшілердің жетекшілерінің бірі қаза болғанын растады.

Маусымның 3-де Оңтүстік Вазиристан тайпалы аймағындағы Гуа Хуа ауданында пилотсыз басқарылатын ұшақтың шабуылынан Илияс Кашмири мерт болды. Бұл туралы Пәкістанның Dawn басылымына ресми өкіл Шоаиб Хан хабарлаған.

47 жасатағы Кашмири - Пәкістанда іздестіріліп жатқан 5 жетекші бүлікшінің бірі. Оған "қауіпсіздік күштеріне жасалған бірқатар шабуылдарды жоспарлады" деген айып тағылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG