Accessibility links

Пәкістанда екі жарылыстан 24 адам мерт болды


Жарылыс болған жердегі пәкістандық полиция қызметкерінің бас киімі. Пешавар аймағы, Пәкістан, 3 маусым 2011 жыл.
Жарылыс болған жердегі пәкістандық полиция қызметкерінің бас киімі. Пешавар аймағы, Пәкістан, 3 маусым 2011 жыл.
Жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында болған екі жарылыстан кемінде 24 адам қаза болып, 47 кісі жараланған.

Новшер қаласында күре жолға қойылған бомба жарылысы 18 адамның өмірін қиып, 35 адамды жаралады. Бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті пәкістандық тәліптер мойнына алды.

Ал сол күні Пешавардың іргесінде автобус бекетінде жарылғыш зат іске қосылып, одан 6 кісі өліп, 12 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG