Йемен оппозициясы билікті тезірек тапсыруға шақырып, қазір Сауд Арабиясында емделіп жатқан президент Әли Абдолла Салехтің елге қайта оралуына жол бермейтіндерін мәлімдеді.
Салех өткен жұма күні ел астанасы Сана қаласындағы президент сарайын көтерілісшілер атқылаған кезде жараланған болатын.
Кеше Эр-Риядта Салехке операция жасаған дәрігерлер оның кеудесіне кірген жарықшақты алып тастады.
Бүгін Сана қаласында президент Салехке бағынышты күштер мен үкіметке қарсы бас көтеріп, оппозицияға қосылған ықпалы күшті жергілікті Хашид тайпасының жетекшілері арасында бітім жасау туралы келісімге қол қойылмақ.
Йемендегі билеуші партия өкілдері президент Салехтің жақын арада елге оралатындығына шүбә келтірмейді.
Емделуге шетелге кеткен Салех елге қайтып келгенше президенттің міндетін атқару Йемен вице-президенті Абд-Рабб Мансур Хадиге уақытша жүктелді.