Бүгін таңертең Ирак астанасында автокөлік мінген белгісіз біреулер екі бақылау бекетіне оқ жаудырып, төрт адамды мерт етті.
Қорғаныс министрлігі мен жергілікті дәрігерлердің айтуынша, оқиға Бағдаттағы сүнниттер тұратын Азамийа ауданында болған.
Бақылау бекеттерінің бірінде ирак армиясының сарбазы қаза болған. Келесі бекетте қастандық құрбаны болған үш адамның «әл-Каидаға» қарсы күресетін арнайы бөлімшеде қызмет еткендері хабарланды.
Бұл қастандық үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.